Президент Асқар Маминді қабылдап, бірнеше тапсырма жүктеді

25 Наурыз 2021, 14:14
Сурет: akorda.kz

Президент Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Премьер-Министр Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы Мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы жайында баяндады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен барынша қамтамасыз ету мақсатында Үкіметке "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды.

Үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек.

Азаматтарға вакцина салуды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету және биылғы белгіленген шекке (6 млн адам) қол жеткізу мәселесі де өзекті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?