Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Атамқұловқа бірқатар тапсырма берді

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 21:47 Ақорда
Мемлекет басшысы маңыздың міндеттердің біріне жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын арттыру және тағы басқасы жататынын айтты.

Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы жылдың 10 айында жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындылары мен министрліктің басым бағыттары жайында есеп берілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 21:47

Ақорданың ақпараты бойынша, Мемлекет басшысына 2020-2025 жылдарға арналған индустриаландыру бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар егжей-тегжейлі баяндалды. Бейбіт Атамқұлов пандемияға қарамастан жыл басынан бері өнеркәсіп саласы 3,2 пайызға өскенін айтты. Сонымен қатар жыл соңына дейін инвестиция көлемі 995 миллиард теңгені құрайтын 200 жоба іске асады.

Министр жыл басынан бері "Нұрлы жол" бағдарламасының шеңберінде жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілгенін атап өтті. Еларалық жүк тасымалы да өскен. Атап айтқанда, Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал 61,6 пайызға артқан.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 14,1 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 15 миллион шаршы метрге жеткізу көзделген. Ал 2025 жылға дейін барлығы 103 миллион шаршы метр баспана салынады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбіт Атамқұловқа жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын арттыру, сондай-ақ, ведомствоның негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: