Қазпошта БҚО филиалында ақшасы жоғалғандардың шығынын өтеді

26 Наурыз 2021, 15:27
Сурет: zakon.kz

"Қазпошта" АҚ жеке қаражаты есебінен клиенттерге Батыс Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлерінің тарапынан жасалған заңға қайшы әрекеттерден келген шығынды өтеді.

Клиенттер өздерінің шоттарындағы қаражаттың жетіспеушілігін құжаттар арқылы растады.

Өтелген шығынның жалпы сомасы 2 200 000 теңгеге жуық.

Алайда жекелеген өтініштер бойынша құқыққа қайшы әрекеттердің жасалуын анықтау үшін тиісті тергеу әрекеттерін өткізумен бірге қылмыстық істің мән-жайын толыққанды және жан-жақты зерттеу қажет. Клиенттердің шоттарында қаржының жетіспеушілігі расталған жағдайда оны "Қазпошта" АҚ толық көлемде қайтарады.

"Қазпошта" АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері ішкі ревизияның барысында анықталды. Ішкі қызметтік тексеру бойынша кінәлі қызметкерлерге қатысты барлық материалдар құқық қорғау органдарына тиісті процессуалды шаралар қабылдауға жолданды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?