Нұр-Сұлтанда студент қыздар азық-түлік дүкенінде ұрлық жасады
видеодан кадр
Ұрлаған тауарларының жалпы сомасы 50 мың теңгеге жуық.
Нұр-Сұлтан қаласындағы бір университеттің 18 және 19 жастағы екі студент қыздың шағын супермаркеттерде ұрлықпен айналысқаны ашылды, деп хабарлайды zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында анықталғандай, қыздардың бірі сатушының назарын бұрғанда, екінші тауар ұрлаумен айналысқан. Дүкендегі заттарды рюкзакқа салып, тегін алып кетуді әдет қылыпты. Сондағы ұрлайтын заттары негізінен азық-түлік, сусындар мен гигиенаға арналған тауарлар екен.
Олардың екі дүкенде ұрлық жасағаны ашылды, ұрлаған тауарларының жалпы сомасы 50 мың теңгеге жуық.
Полиция ұстаған соң олар ұрлық жасағанын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысты тексеріледі.
Нұр-Сұлтан полиция департаменті дүкен қызметкерлеріне қырағы болуды, күдікті адамдарға назар аударуды және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript