Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда саябақтың қазіргі күйіне байланысты аудан әкіміне ескерту жасалды

2gis.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2020 15:57 2gis.kz
Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады.

Нұр-Сұлтанның Есіл ауданының әкімі Берік Жәкеновке саябақтардың нашар күйіне байланысты сөгіс жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Саябақтың қазіргі күйі мен жұмыс қарқынының төмен болуына орай Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов пен мердігер ескерту алды. Барлық кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді. Абу-Даби Плаза маңында орналасқан саябақ екі жыл бұрын ашылуы тиіс болатын. Желілік саябақ биыл ашылады", - делінген ресми хабарламада.

Саябақ аумағы 11 гектардан асады. 3,5 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Аумақта балаларға арналған ойын алаңы, скейт-алаңы және т.б. орнатылды. Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады. Олардың қатарында саябақтар, тынымбақтар және басқа да таза ауада серуендеуге арналған орындар бар. Аталмыш орындардың басым бөлігі "жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында абаттандырылады. 10 жерде жұмыстар басталды.

"Шеткері аймақтарды дамыту аясында "Көктал" елді-мекенінде саябақ құрылысы жалғасып жатыр. Саябақ аумағы тыныш демалыс аймағы, белсенді демалыс аймағы және балалар демалыс аймағы болып 3-ке бөлінеді. Саябақ аумағында 8 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сонымен бірге 4 ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. 2-інде құрылыс жұмыстары басталды", - делінеді хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: