Жаңалықтар тізбегі
0

Шілдеде азық-түлік жиынтықтар үшін қазақстандықтарға 5,4 млрд теңге аударылды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2020 19:04 Хабар 24
Ағымдағы жылғы наурыз-мамыр айлары аралығында бұл төлемдер жалпы сомасы 13,5 млрд теңгеге 1 млн адамға есептелді.

Ағымдағы жылдың шілде айында 1 млн-ға жуық қазақстандық жалпы сомасы 5,4 млрд теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін төлем алды. Әлеуметтік қолдаудың бұл түрімен 1,1 млн адамды қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдай режимі мен коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі карантиндік шаралар кезеңінде азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алушылардың тізімі кеңейтілді. Азаматтардың қарым-қатынас жасауын азайту және COVID-19 таралуын болдырмау үшін жиынтықтар балама ақшалай төлемдермен алмастырылды.

Келесі 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар төлем алушылар болып табылады:

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы, оның ішінде көпбалалы отбасылардағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

- медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

- медициналық, әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;

- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар;

- жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Көмектің осы түрін алушылардың тізімдерін жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады.

Ағымдағы жылғы наурыз-мамыр айлары аралығында бұл төлемдер жалпы сомасы 13,5 млрд теңгеге 1 млн адамға есептелді.

Естеріңізге сала кетейік, 14 шілдеде ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қазақстандықтарға ағымдағы жылдың шілде айында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақшалай қаражат төлеуді бастауды тапсырған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: