Биыл мектеп түлектері үшін қорытынды аттестация бола ма

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2021 22:22 inbusiness.kz
9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсырады.

Биыл қазақстандық мектеп түлектері қорытынды аттестация тапсырады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсырады:

– оқыту тілі бойынша эссе түрінде жазбаша емтихан;

– математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

– өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады:

– оқыту тілі бойынша эссе түрінде жазбаша емтихан;

– алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

– Қазақстан тарихынан тестілеу;

– өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: