Павлодарда мектеп оқушылары төбелескен

№30 орта мектебі әкімшілігінің мәліметінше, 7-сынып оқушылары төбелескен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мектеп әкімшілігі мен полиция қызметкерлері бірге құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жоспарланбаған кеңес өткізді. Осы оқиғаға қатысушылардың барлығына құқықтық баға беріледі", - деді мектеп әкімшілігі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаға қатысқан барлық тұлға анықталды, ал кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді.
Кәмелетке толмағандар алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп ішінде есепке алынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз