Астанада аязға байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Сурет: pixabay
Астанада ауа райының бұзылуы салдарынан 2026 жылғы 14 қаңтарда бірінші ауысымда оқитын 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 13 қаңтар күні кешке қалалық білім басқармасы мәлімдеді.
Шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Оқу сабақтары қолданыстағы кестеге сәйкес онлайн форматта ұйымдастырылады.
Еске салайық, Астанада 14 қаңтарда күн бұлтты, аздаған қар жауып, боран соғады. Желдің жылдамдығы – секундына 9-14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы -26…-28°С, күндіз -20…-22°С шамасында болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript