Астанада 16 қаңтарда да оқушылар мен студенттер үйден оқиды

Астанада 16 қаңтарда аязға байланысты оқушылар мен студенттер үйден оқи береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 19:10 Сурет: Zakon.kz
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 16 қаңтарда бірінші ауысымда оқитын білім алушылар қашықтан оқыту форматына көшіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Білім басқармасының 15 қаңтардағы мәліметінше, онлайн оқу 0-11 (12)-сынып оқушыларына, сондай-ақ 9-сынып базасында оқуға түскен колледждердің 1-2 курс студенттеріне енгізіледі. Бұл шара тек бірінші ауысымға қатысты.

Шешім қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты қабылданып, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Оқу процесі қашықтан форматта ұйымдастырылады.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері елдің бірнеше өңірінде температура күрт төмендеп, төрт облыста аяз күшейетінін болжаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: