Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеүндеу жасайды

zakon.kz zakon.kz
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен 21:30-да.

Бүгін кешке Қазақстан президенті "Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік" атты жиында бейнеүндеу жасайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы facebook-те президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды:

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен 21:30-да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік" атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс мұрындық болды. Жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде тамашалауға болады, делінген жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз