Нұр-Сұлтандық еркексымақ бұрынғы әйелін жылдар бойы сабап келеді

30 Наурыз 2021, 20:43
Сурет: instagram.com/zhaloby_astana

Елорданың тұрғыны Аида Ермекова әлеуметтік желідегі парақшасына бұрынғы күйеуі оңдырмай ұрғаны жөнінде жазды, деп хабарлайды zakon.kz "Арамза билік" телеграм-каналына сілтеме жасап.

Бұрынғы күйеуім мені бірнеше жыл бойы оңдырмай сабап келді. 2020 жылы ажырасайын деп бел будым. Бірақ ол бұл шешіммен келіспеді. Нәтижесінде соттың алты отырысы өтіп, ажырастық. Бірақ екеуіміз ажырасып кеткеннен кейін де ол аңдып, баламды сылтауратып, қоқан-лоққы көрсетуін жалғастырды. 2021 жылы 15 наурызда баламыздың туған күнінде онымен бірге болғысы келді. Өзін байсалды ұстағанына, сеніп, келісімімді бердім. 19 наурызда ол тағы да маған қол көтерді. Түнде екі сағат бойы мені ұрды. Мені қолымен, аяғымен ішімнен және басымнан бірнеше рет соққыға жықты. Мені жартылай шешіндіріп, балконға шығарып, үстіме суық су құйып жіберді. Мен барынша қорғанып, бетімді тек қолыммен жауып жаттым, екі жасар баламды оятып алмау үшін айқайламауға тырыстым. Сол күні есімнен танып түстім. Одан бөлек, ол мас болған. Бұл сұмдық бітпейтін шығар деп ойладым, - дейді әйел.

Таңертең күйеуі балконға шығып кеткенін пайдаланған әйел пәтерден қашып шыққан. Артынша Нұр-Сұлтандағы ауруханалардың бірінде алғашқы медициналық көмек алады. Сол жерде тәртіп сақшыларына арыз жазып, қазақстандықтардан іс қозғаусыз қалмауы үшін көмек сұрауда.

Маған істі соңына дейін жеткізу үшін психологиялық және моральдық көмек қажет. Өкінішке қарай, қолданыстағы заң бұрынғы күйеуімнің маған жақындамауын қамтамасыз ете алмайды, - дейді жәбірленуші.


- Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар жас отбасылар арасында жиі орын алады. Сүйіп-күйіп қосылады, біраз уақыттан соң осындай түсінбеушіліктер орын алады. Осыған байланысты отбасы құндылықтарын және жауапкершіліктерін мектеп кезінен санасына сіңіртетін уақыт жеткен сияқты, деп қорытындылайды каналдың авторлары.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?