Мақтааралдан шыққан 30 жастағы тиран-күйеу әйелін оңдырмай сабаған

vladtime.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2019 15:21 vladtime.ru
Сорақысы, мұндай қатыгездік 2-4 жасар сәбилердің көзінше орын алды.

Алматыдан жылап Жәмилә хабарласты, деп дабыл қақты facebook-те журналист Гүлмира Әбіқай.

"Таңғы 10-да әр балаға 21 мың теңге жәрдемақы жасатуға кетіп, үйге 12-де келген әйелін күйеуі осылай сабап тастаған", деп хабарлайды ол.

Қолмен емес, саусағына ілінген шнурдың розеткасымен соққылаған екен.

"– Сорақысы, мұндай қатыгездік 2-4 жасар сәбилердің көзінше орын алды. Әйелдің жасы 25-те, күйеуі 30-дан енді асқан. Жас отбасы Алматыға жақында Мақтаралдан көшіп келіп, пәтер жалдап тұрады. Мынау масқара ғой, қымбатты #анаменбала_құқы қорғаушы ұйымдар оразада бір сауап жасап, араша түсейікші! Камиша Есмухамбеткызы тиран байға Алматы Мақтарал еместігін заңды түсіндіріп береді деп сенемін, ал өзім, сол жақта жүрмін", – деп жазды журналист.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2019 15:21

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: