Ақтоғай ауданында 34 жастағы әйел суға батып кетті
www.pavlodarnews.kz
Оқиға шомылуға орнатылмаған жерде орын алды.
Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында 34 жастағы әйел суға батып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 5 тамыз күні болған.
- Ертіс өзенінің тармағында сағат 16.45-те 1984 жылы туған әйел суға батып кеткен, - деді баспасөз қызметінде. – Әйелдің денесін жергілікті тұрғындар сағат 18.05-те судан алып шықты.
Оқиға шомылуға орнатылмаған жерде орын алды.
Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жазғы маусымда су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтап, шомылуға рұқсат етілген жерлерде ғана демалуды сұрайды.
Назым Қарабаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript