ШҚО-да мас шенді көшеде қызбен төбелесіп, шу шығарған
Getty
Даудың басы қаладағы караоке-клубтардың бірінен басталған.
Шығыс Қазақстан облысында бір шенеунік "мемлекеттік қызметкерге сай емес қылық танытты" деп айыпталуда, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл ақпарат әлеуметтік желілер арқылы тарауда.
Біздің дереккөзге сүйенсек, даудың басы қаладағы караоке-клубтардың бірінен басталған. Караокеде мәдени уақыт өткізген Мирас Жұмағұлов Анастасия есімді қызбен танысып, оны үйіне шақырады. Алайда, үйдің кіреберісіне жеткенде, бойжеткен пәтерге бас сұғудан бас тартады. Дегенмен өз дегенінен қайтқысы жоқ Мирас қызды көндіруге тырысады. Бұдан шошыған қыз полицияға қоңырау шалмақ болып, қолына телефон алады. Бірақ жігіт оның қолынан телефонды тартып алады. Есесіне, қырағы көршілер полицияға хабарласқан болып шықты. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары екеуіне қатысты "көшеде алкогольдік ішімдікті тұтыну және мас күйінде қоғамдық орындарда болу туралы" хаттама толтырды, делінген жазбада.
ШҚО полициясы бұл жазба астына былай пікір қалдырды:
Осы жазбаға қатысты полиция департаменті мынаны хабарлайды: биылғы жылдың 30 наурызында сағат 05:00 шамасында Өскемен қаласының 31 және 23 жастағы тұрғындары Қабанбай батыр, 109 көшесінде, яғни қоғамдық орында мас күйінде болған. Олардың іс-әрекеттері адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық тыныштыққа нұқсан келтіріп, соған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жоғарыда көрсетілген тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 440-бабының 1-бөлімі бойынша хаттама толтырылды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан бойынша департаменті де бұл жайттан қалыс қалмады:
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті осы мемлекеттік қызметкерге қатысты жазбада көрсетілген фактілердің мән-жайларын одан әрі нақтылау үшін бақылауға алды, оның нәтижелері қосымша хабарланады.
Осы мәселе бойынша түсініктеме алу үшін біз Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне де жүгіндік. Ол туралы кейінірек хабарлаймыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript