Бейбіт Қорған ұшақта мас болып, шу шығарған
Сурет: Instagram/beibitkorgan
Алматыдан Атырауға қатынайтын рейсте танымал әнші Бейбіт Қорған мас күйде болып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол дөрекі сөз сөйлеп, экипаждың заңды талаптарын елемеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау әуежайына келгеннен кейін оны Көліктегі полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері ұстады.
Ведомство әртістің қарсылық көрсеткенін және қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбағанын атап өтті.
"Барлық адам заң алдында бірдей. Танымалдығы мен атақ-абыройына қарамастан, әрбір құқық бұзушы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп атап өтті Көліктегі полициядан.
Сот Бейбіт Қорғанды ұсақ бұзақылық пен полицейдің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп тапты. Оған 196 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Бұған дейін қазақстандық актер Дәурен Айдарқұлов қуанышты жаңалығымен бөлісіп, үшінші рет үйленгенін мәлімдеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript