Үшінші мәрте шаңырақ көтерген Дәурен Айдарқұлов желі қолданушыларының сынына қалды

Үшінші мәрте шаңырақ көтерген Дәурен Айдарқұлов желі қолданушыларының сынына қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 16:11 Сурет: Instagram/daurenaidarkulov
Қазақстандық актер Дәурен Айдарқұлов қуанышты жаңалығымен бөлісіп, үшінші рет үйленгенін мәлімдеді. Алайда, шоу-бизнес жұлдызының бұл қуанышына көпшілік жылы шырай таныта қоймады, желідегі ағайын оның бұл ісін әбден сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 28 қыркүйекте, Айдарқұлов сүйіктісімен бірге мешітте түсірілген бірнеше фотосуретін жариялады.

"Үйлендім. Әлхамдулиллаһ!" – деп қысқа ғана жазды ол суреттердің астына.

Алайда, бұл жаңалықты бәрі бірдей қуанышпен қабылдай алмады. Әлеуметтік желілердегі пікірлерге қарағанда, қолданушылар актердің әрекетін сынап, түсініспеушілік білдіруде.

  • Соңы және соңы болсыншы
  • Әйел алудан шаршамайды екенсің...
  • Не дейміз... бақытты болсын
  • Тимати екеуіне дұрыстап түсіндіру керек еді. Бұл өмірде бір-ақ рет үйленіп бақытты болуға да болады.
  • Тимати 2.0
  • Тағы ма?
  • Сөз жоқ... қызға да еркекке де...
  • Бұрынғы әйелдеріне жаным ашиды

Айта кетсек, Дәурен Айдарқұловтың бірінші некесі 2008 жылы қиылған. Бұл некеден үш баласы бар. Ал 2016 жылы, ол "КешYOU" тобының бұрынғы солисі Ақбота Сейтмағамбетті жар етіп алған. Бұл некеден тағы екі баласы бар.

Айта кетейік, актер бұрын берген сұхбаттарының бірінде жұбайын таңдауда оның сұлулығына, шыққан тегіне, әлеуметтік жағдайына және ең бастысы — дініне назар аударатынын айтқан болатын. Сол кезде-ақ, үшінші әйелі хижабтағы қыз болса екен деген ниетін білдірген еді.

Бұған дейін Қазақстандық фильм Пусан халықаралық кинофестивалінде көрсетілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: