Шымкентте қыз алып қашу оқиғасына қатысты полиция түсінік берді

31 Наурыз 2021, 15:46
Сурет: mopera-down.ru

Шымкент қалалық полициясы Шымкенттегі ықшамаудандардың бірінде қыз алып қашу оқиғасына қатысты егжей-тегжейлі мәлімет ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір күн бұрын, 30 наурызда полиция қызды және оны ұрлап әкеткендерді Түркістан облысынан тапты. Олар Шымкент қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Ер адам қызды үйлену үшін екі досымен бірге алып қашқан болып шықты. Ұрлаушылардың барлығы - Түркістан облысының тұрғындары.

Сол түні 18-ші ықшам ауданда бөтен адам достарымен бірге үйлену үшін мені күшпен көлікке отырғызып, үйіне алып кетті. Осы уақыт ішінде мен оның үйінде болдым. Маған қарсы ешқандай күш қолданылмады. Менде бәрі жақсы, - деді қыз.

Полиция "Заңсыз бас бостандығынан айыру" бабы бойынша тергеуді бастады. Бұл бапта 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұрлауға қатысқан барлық адамдар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды.

29 наурызда қызды алып қашқан видео әлеуметтік желіде пайда болды. Видеода көмек сұраған қызды бір топ жігіт жабыла күшпен көлікке отырғызғаны көрсетілген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?