Тал түсте Тараздағы қыз алып қашу: ІІМ істі бақылауына алды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 09:19 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Желіде тапа-талтүсте бойжеткенді көпшіліктің алдында күшпен көлікке отырғызып алып қашқан бейне тарауда. Оқиғаға қатысты ҚР Ішкі істер министрлігі (ІІМ) түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айтылған деректерге қарағанда, оқиға Тараз қаласында болған. Желідегі ағайын ер адамның бойжеткенге күштеп үйленбек болды деген болжамдарын жасауда.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша:

"Тараз қаласында қызды күштеп алып кету фактісі бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы – "Неке қиюға мәжбүрлеу" бойынша қылмыстық іс қозғады. Үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің тергелуі ІІМ басшылығының ерекше бақылауында", – деді ол.

Алекешевтің сөзінше, тергеу нәтижесінде барлық қатысы бар адамдарға заң аясында нақты құқықтық баға беріледі.

"Аталған бап — Қылмыстық кодекске ең соңғы толықтырулардың бірі ретінде енгізілді. Оның қолданылуы бойынша түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Ішкі істер органдары азаматтардың жеке бостандығына қарсы жасалатын мұндай әрекеттерді қатаң түрде тоқтатады. Жазада бұлтармас қағидасы толық қамтамасыз етіледі", — деп түйіндеді министрлік өкілі.

Бұған дейін Алматыда ірі көлемдегі контрабанда ашылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: