Жаңалықтар тізбегі
0

Көлікке байланған иттің резонанстық бейнесі - полиция түсіндірмесі

Көлікке байланған иттің  резонанстық бейнесі - полиция түсіндірмесі , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2024 13:59 Сурет: pixabay
Полиция әлеумметтік желіде көпшіліктің қызу талқысына түскен, итті көлікке байлап, сүйреген бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Алматы облысында болған. Азапталған иттің кадрлары жұртшылықтың наразылығын тудырды.

Бұл әрекет өңір полициясының назарына ілікті.

"Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында ер адамның итті көлікке байлап, сүйреп бара жатқан жантүршігерлік фактісі анықталды.Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері 28 жастағы ер адамды анықтап, полицияға жеткізді. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды".Алматы облыстық ПБ

ҚР ҚК-нің 316-бабына сәйкес, 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.

Бұған дейін ШҚО полицейлерінің әккі пәтер ұрысын ұстағаны хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: