Алматылықтың Алабайды көлікке байлап, кептелісте жүрген видеосы тарады
Сурет: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде қазақстандықтар қала тұрғынының үлкен итті көлікке байлап, Рысқұлов даңғылының бойында серуендетіп жүргені көрсетілген видеоны талқылап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода ит иесінің жүріп келе жатқан көлігінің қасына ілесіп, жүріп келеді. Бір жағынан ит басқа көлік иелеріне, жол қозғалысына ыңғайсыздық жасағаны көрініп тұр. Екінші жағынан видеода көрсетілгендей, жалпы көліктер кептелістен тез жүре алмай келе жатыр.
Кез келген сәтте ит оқыстан төтенше жағдайға себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге көліктердің арасында жүру иттің өзіне де қауіпті.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл бейнероликке жауап беріп, аталған факті бойынша Жергілікті полиция қызметі басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылатынын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript