Алматыда алып қашу операциясының жолы кесілді: бойжеткенді сол маңдағы тұрғын құтқарып қалған

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2025 11:12 Фото: Zakon.kz
Алматыда тапа-тал түсте қыз ұрламақ болды. Куәгерлердің айтуынша, бір топ жігіт бойжеткенді көлікке күштеп отырғызбақ болған. Олар мұның "алып қашу" екеніне күмән келтірмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК таратқан ақпарға сүйенсек, көмекке алғашқылардың бірі болып қыздың жан-айқайын естіген тұрғындардың бірі жеткен. Ол бойжеткенді көліктен шығарып алған. Осыдан кейін күдіктілер оқиға орнынан бірден ізін суытыпты.

Полицейлер оқиға бойынша әзірге өтініш түспегенін айтты. Дегенмен, іс басталған.

"Аталған факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Бейнеге қатысушылар мен болған оқиғаға қатысы бар адамдар анықталады. Өтініштің түспеуіне қарамастан, біз болған оқиғаның барлық объективті мән-жайларын анықтаймыз және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданамыз". Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Еске салсақ, қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлеу қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады. Ұрлықшылар сегіз миллион теңгеге дейін айыппұл арқалап немесе екі жылға дейін қамауға алынуы мүмкін.

Бұған дейін азаматтық некедегі әйелін өлтірген ер адам 18 жылға сотталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: