Азаматтық некедегі әйелін өлтірген ер адам 18 жылға сотталды
Фото: Zakon.kz
Қарағандыда азаматтық некедегі әйелін өлтірген 42 жастағы ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жетінші арна" телеарнасының дерегіне сүйенсек, ерлі-зайыпты қыздарының тойына барған. Той тарқап, үйге келген соң, жанжал басталған.
Қайтыс болған әйелдің туыстарының айтуынша, ері оны қатты соққыға жығып, беті мен мойынын пышақпен тіліп тастаған. Содан соң пәтерді жинап, жедел жәрдем шақырған.
Дәрігерлер 40 жастағы әйелді ажалдан арашалап қала алмаған. Оның соңында үш қызы қалған. Кішісі 15 жаста. Ал айыпты ер адам сот үкімін жұмсартуды сұрайды.
Бұған дейін полициядан қашпақ болған қазақстандықтың қаза тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript