Шымкентте қызғаныштан әйелін буындырып өлтірген ер адам сотталды
Сурет: Zakon.kz
Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы жағдай 2024 жылдың басында болған. Әйелінен күдіктенген ер адам оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған.
Олардың шаңырақ көтергеніне бір жыл ғана болған екен. Қылмыскер бұған дейін сотты болмаған. Сот осыны ескеріп, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.
"Сотталушы жолдасының басқа адаммен көңілдес болып жүргенін естиді. Сол қызғаныштан ұрып-соғып өлтіреді. Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты сот үкімі шыққан. 10 жыл бас бостандығынан айырылған. Жасы 50-дегі азамат".Шымкент прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript