Жаңа Зеландияда ер адам құны 20 мың доллар тұратын әшекейді жұтып қойды
Сурет: pixabay
The Guardian басылымының жазуынша, әшекей шамамен 20 мың доллар тұрады. Ер адам сатушыдан кулонды көрсетуді сұраған, ал ол қолына тиісімен бірден жұтып қойған. Дүкен қызметкерлері дереу полиция шақырған.
Келген тәртіп сақшылары ер адамды ұстады. Ол 8 желтоқсанда ұрлық бойынша сотқа тартылады. Әзірге кулон дүкенге қайтарылған жоқ. Сондай-ақ осы адамның бұған дейін дәл осы Partridge Jewellers дүкенінен iPad ұрлағаны да белгілі болды.
Жұтылған кулон жұмыртқа тәрізді формада жасалған, 18 караттық алтыннан құйылған және жасыл эмальмен әшекейленген. Оған 60 ақ бриллиант пен 15 көк сапфир қондырылған. Ал ішкі бөлігінде көздері қара бағалы тастардан жасалған кішкентай сегізаяқ мүсіні бар.
Бұл бұйым Faberge x 007 коллекциясына кіреді. Коллекция 1983 жылы шыққан Джеймс Бонд туралы "Осьминожка" фильміне арналған.

Сурет: faberge
Бұған дейін Таиландта ауруға шалдыққан ананың алтын құймаларды байқамай қоқысқа тастап жібергенін жазғанбыз.