Перуде 2 жасар бүлдіршін екпеге арналған 8 инені жұтып қойды
Сурет: pixabay
Перуде сегіз тал ине жұтып қойған екі жасар бүлдіршінге операция жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәрігерлер сәбиге бірден операция жүргізіп, ішіндегі инелерді алып шықты, деп мәлімдеді "Хабар 24" арнасы.
Бала анасы жұмыс істейтін фермада ойнап жүріп, ветеринарлық инелерді тауып алып, жұтып қойған. Бірақ сол мезетте оны ешкім байқамай қалған.
Дәрігерлер бала операциядан кейін жылдам оңалып жатқанын айтады. Дегенмен бірнеше күн бақылауда бола тұрады.
"Қорада ойнап жүріп тауып алды да, жұтқан көрінеді. Мен ара-тұра сол фермаға барып, жұмыс істеуге мәжбүрмін. Өйткені бала-шағамды жалғыз асырап отырмын".Баланың анасы Нарли Олортеги Писко
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript