Жезқазғанда дәрігерлер ине жұтып қойған баланы аман алып қалды
Сурет: pixabay
Қарағанды облысында он жасар бала ине жұтып қойды. Мұны ата-анасына айтудан қорыққан бала екі күн бойы инемен жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz
Оқиға Қаражал қаласында болған. «Patriot» Telegram арнасының хабарлауынша, ине асқазанға кептеліп қалған. Қорыққан бала мұны ата-анасына екі күннен кейін ғана айтқан. Ата-анасы ұлын дереу жергілікті ауруханаға апарып, хирургтар баланы тексерген соң, Жезқазған ауруханасына жатқызу ұйғарылған.
Кішкентай науқас ішінің ауырғанына шағымданды. Қарапайым рентгенография асқазан-ішек жолдарында бөгде зат бар екенін көрсетті. Эзофагофиброгастродуоденоскопиямен (ЭФГДС) тексеру кезінде бөтен зат асқазанның антральді бөлігінде екені анықталды.Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы
Дәрігерлер инені эндоскопиялық жолмен алып тастады. Қазір баланың жағдайы жақсы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript