Қостанайда 5 сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден төрт баланы аман алып шықты
Жеке сектордағы саяжайда өрт болып жатқаны туралы ақпарат 25 желтоқсанда сағат 11:36-да келіп түсті, деп хабарлады Қостанай облыстық ТЖД.
Өрт сөндірушілер келген кезде қызыл жалын шатырды жалмап, бөлмелердің ішіне қарай жылжыған. Мұнда алты адам тұрады, бірақ мамандар келгенде іште ешкім болмаған.
Кейін өрт сөндірушілер №22 орта мектептің бесінші сынып оқушысы көшеде ойнап жүріп, қалың түтінді байқағанын анықтады. Бала бұл үйде үлкен отбасы тұратынын жақсы біледі екен, үлкен қыз – сегіз жаста, ал кішісі – екі жаста. Ол өрт сөндірушілердің келуін күтпестен терезеден үйдің ішіне қойып кетіп, қалың түтін ішінен барлық балаларды құтқарды. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде үйде балалардың ата-анасы болмаған. Олар пешке от жағып, дүкенге шығып кеткен.
Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, оттың көрші саяжай учаскелеріне таралу қаупін жоя алды. Өрттің болжамды себебі – пешті дұрыс пайдаланбау.