Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жас жігіт жанып жатқан үйден үш баланы құтқарды

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2019 23:00 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Жас жігіт жанып жатқан үйге кіріп, үш баланы: 2005, 2017 жылы туған қыздарды және 2012 жылы туған ұл баланы алып шықты.

26 маусымда таңертең, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы тұрғын үйдің жанынан өтіп бара жатқан 1994 жылы туған Рыйзабеков Алмас үйдің жанып жатқанын көрген, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жігіт өрт туралы ол бірден Алматы облысы ТЖД-не 101телефон нөміріне хабар берген.

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін балалардың айқайларын естігенде, жас жігіт жанып жатқан үйге кіріп, терезелерін сындырып, өрттен үлкендердің қарауынсыз қалған үш баланы: 2005, 2017 жылы туған қыздарды және 2012 жылы туған ұл баланы алып шықты.

Оқиға орнына жеткен кезде өрт сөндірушілер асүй мен тұрғын үйдің кіреберісі отқа оранып жанып жатқанын анықтады. Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді, өрттің жалпы ауданы 27 ш. м. құрады. Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Ерлікпен жасалған әрекет кезінде жас жігіт тілінген аяқ жарақатын алып, Ескелді ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта батырдың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Ескелді ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балаларды туысқандарына тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: