Шымкентте ер адам бәстесіп, 26 қалам жұтып қойған

Шымкентте ер адам бәстесіп, 26 қалам жұтып қойған, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 22:07 Сурет: pexels
Шымкентте ер адам бәстің салдарынан 26 қалам жұтып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға қала тұрғыны досымен бәстесіп, бірнеше қаламды бірінен соң бірін жұтқаннан кейін болған, деп хабарлады Otyrar.kz.

Біраз уақыттан соң оның асқазаны мен ішек тұсы қатты ауырып, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

38 жастағы науқасты тексеру кезінде дәрігерлер оның асқазанынан көптеген бөгде зат тапқан. Мамандар эндоскопиялық (тілусіз) ота жасап, барлығы 26 қаламды сәтті алып шықты.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне жіберілді.

Дәрігерлер азаматтарға денсаулыққа қауіп төндіретін әрекеттерге бармауды және әдейі бөгде заттарды жұтпауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: