Көкшетауда азаматтық некедегі күйеуін өлтірген күдікті ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2023 11:53 Сурет: Zakon.kz
Көкшетауда полицейлер азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 сәуірде қалалық полиция басқармасына қала тұрғыны кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына барған кезде 45 жастағы ер адамның мәйітін тапқан. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған.

Тергеу барысында ер адамға ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен марқұммен бірге тұрған әйел ұсталған.

Қайғылы оқиға болған күні азаматтық некедегі ерлі-зайыпты пәтерде өздері болғаны және олардың арасында жанжал туындағаны анықталған. Жанжал кезінде күдікті ер адамның кеудесіне пышақ сұққан, сот-медициналық сарапшының қорытындысы бойынша соның салдарынан жәбірленуші қайтыс болған.

Полиция басқармасы осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеуді бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: