Алматыда адвокат келіншекті өлтірген күдікті ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық полициясы заңгер Айман Асанованы өлтірді деген күдікпен 1971 жылғы Н. деген азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1971 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жалғасуда. ҚР СІМ баспасөз қызметі
Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының тікелей назарында.
Айта кетсек, 12 қазанға қараған түні Алматының Алмалы ауданындағы ауруханада адвокат келіншек қайтыс болды. Марқұм ауруханаға көптеген пышақ жарақаттарымен түскен болатын. Полиция күдікті анықталып, оны ұстау бойынша шаралар жүргізіп жатқандарын да хабарлаған. Кейбір БАҚ-та келтірілген болжамға сәйкес, заңгер келіншекке пышақ сілтеген бұрынғы күйеуі болуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript