Саммит қорытындысы бойынша Түркістан декларациясы қабылданды

31 Наурыз 2021, 21:36
Сурет: Ақорда

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті аяқталды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан декларациясын қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеңестің мәртебесін арттырып, институционалдық құрылымын нығайту мақсатында оны толыққанды ұйымға айналдыру үшін уақыт керек. Осы ұсынысты саммит қорытындысы бойынша қабылданатын Түркістан декларациясына енгізіп, бекітуді ұсынамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Еске сала кетсек, 31 наурызда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті бейнеконференция арқылы өтті. Оған Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан мемлекет басшылары, Венгрия Премьер-министрі және Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы қатысты.

Бастапқыда кездесу Түркістанда өтуі керек еді, бірақ коронавирустың эпидемиологиялық жағдайына байланысты оны бейнеконференция түрінде өткізу туралы шешім қабылданды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?