Үкімет отставкаға кетуі тиіс - Тоқаев

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2021 17:58 zakon.kz
Біздің заңнамамызға сәйкес, солай болуы тиіс.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс бергеннен кейін сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті үкімет отставкаға кетуі керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Біздің заңнамаға сәйкес, үкімет отставкаға кетуі тиіс. Сайлау аяқталғаннан кейін мен депутаттардың жаңа құрамы алдында фракция жетекшілерімен кеңесіп, премьер-министрдің, үкімет мүшелерінің де кандидатуралары бойынша кеңесу үшін Парламентке барамын, - деді ол.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы алдында сөз алып, үндеу жасайтынын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: