Қазақстан құрамасы сырт алаңда Украинамен тең түсті

1 Сәуір 2021, 08:56
Сурет: видеодан кадр

2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Украинаға қарсы сырт алаңда өткізген ойынды тең нәтижемен аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz тілшісі.

1:1 есебімен аяқталған матчтың алғашқы голын украиналық шабуылшы Роман Яремчук 20-минутта соқты. Ойынның 59-минутында Азат Нұрғалиевтің нәтижелі пасын оңтайлы пайдаланған Серікжан Мужиков таразы басын теңестірді.

Ойын барысында украина құрамасының есепті еселеуге бірнеше мүмкіндігі болғанымен, қазақстандық қақпашы Стас Покатилов оған жол бермеді.

Бұған дейін Талғат Байсуфинов шәкірттері іріктеудегі алғашқы ойынды өз алаңында Францияға қарсы ойнап 0:2 нәтижесімен жеңіліс тапқан еді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?