"Барселона" сырт алаңда "Манчестер Юнайтедті" ұтып кетті

Қарымта кездесулер 16 сәуірде өтеді.
Чемпиондар лигасының ¼ финалында испанияның "Барселонасы" сырт алаңда 1:0 есебімен ағылшынның "Манчестер Юнайтедінен" басым түсті.
12-ші минутта алаң иелерінің қорғаушысы Люк Шоу өз қақпасына доп соғып алды. Голды санау үшін арбитрлер VAR жүйесінің көмегіне жүгінді, өйткені бас төрешінің көмекшісі оның алдында офсайд болды деген белгі берген.
Ал "Ювентус" ¼ финалдағы бірінші ойында сырт алаңда "Аякспен" тең есеппен тарқасты.
Амстердамдағы ойын 1:1 есебімен аяқталды. "Ювентус" сапынан 45-ші минутта Криштиану Роналду көзге түссе, 46-шы минутта "Аякс" ойыншысы Давид Нерес есепті теңестірді.
Қарымта кездесулер 16 сәуірде өтеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript