Қазақстанның футболшы қыздары сырт алаңда тағы ұтылды

kff.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2021 16:13 kff.kz
Грек қыздарына қарсы қарымта кездесу 22 қазанда Қазақстанда өтеді.

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындарындағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Калоян Петкова бапкерлік ететін Қазақстан құрамасы грек қыздарына қарсы ойнады. Қазақстан құрамасы іріктеудің екінші ойынында да жеңілді. Анастасия Спиридониду қарсыластардың қақпаға тепкен добын екі рет жіберіп алды, ал Әйгерім Айтымова өз қақпасына гол соқты. Қонақтар сапынан Светлана Бортникова мен Бегайым Қырғызбаева көзге түсті.

Таблодағы қорытынды есеп 3:2 есебімен грекиялықтардың пайдасына шешілді.

Грек қыздарына қарсы қарымта кездесу 22 қазанда Қазақстанда өтеді.

Қазақстан құрамасы екі турдан кейін өз тобындағы ең соңғы, алтыншы орында келеді.

Жайна Тәттімбетова

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: