Атырауда балық аулауға кеткен жасөспірім өзенге батып кетті
2 мамырда Талғайран ауылының маңындағы Орал өзеніне балық аулауға барған бала суға батып кетті, деп хабарлайды Baq.kz.
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, бұл жағдай шамамен сағат 16:00-17.00 кезінде болған. 16 жастағы баланың денесін іздеу шарасы бірден ұйымдастырылды. Батыс аймақтық аэроұтқыр жедел-құтқару отрядының қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті полиция қызметі, сондай-ақ жергілікті тұрғындар, бас-аяғы 20 адам мен 6 бірлік техника іздеу жұмыстарына қатысты.
ТЖД баспасөз қызметі анықтағандай, 2 мамыр күні іздеу жұмыстары сағат түнгі 22.00-ге дейін жалғасқан, бірақ ешқандай нәтиже болмаған. Жергілікті тұрғындар 3 мамырда таңғы сағат 08:20-да баланың денесін судан алып шыққан. Қайғылы жағдайдың себебі анықталып жатыр.