Алматыда КамАЗ-бен соғысқан ВАЗ жүргізушісі жан тапсырды

1 Сәуір 2021, 14:52
Сурет: Sputnik / Стрингер

Алматы полициясы ВАЗ-2114 автокөлігінің жүргізушісі қаза тапқан жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды zakon.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала дерек бойынша, ВАЗ жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, КамАЗ-бен бетпе-бет соғысқан.

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында Карьерная көшесінде болған.

Жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі жедел жәрдем келмей жатып оқиға орнында көз жұмды. Оның жанында отырған жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?