Мамырдан бастап ШОБ-қа қатысты шектеулерді біртіндеп жоюға болады - Тоқаев

1 Сәуір 2021, 17:57
Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев егер сәуір айында Үкімет еліміздегі вакцинацияға қатысты жағдайды жақсартатын болса, онда мамырда шағын және орта бизнестің жұмысына қойылатын шектеулерді біртіндеп ала бастауға болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет пандемиямен байланысты жағдайды жақсы жаққа өзгерте алады деп ойлаймын, яғни ең алдымен сәуір айынан бастап жаппай вакцинациялауды жүзеге асыру арқылы, онда мамыр айынан бастап ШОБ қызметіне енгізілген шектеулерді біртіндеп ала бастауға болады, оның ішінде қызмет көрсету саласында да, - деді Президент Қазақстандағы коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы туралы кеңесте.

Бұған дейін Тоқаев еліміздегі вакцинация барысына қанағаттанбағанын айтқан. Оның айтуынша, елде вакцинация науқаны баяу жүруде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?