Індет жұқтырғандар саны артып барады, нақты шешімдер қажет – Тоқаев

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2020 05:37 Ақорда
Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек.

Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет, - делінеді жазбада.

Қазақстанда індет басталғалы коронавирусты осы сәтке дейін 8531 адам жұқтырған. 4 352 адам жазылды. 35 адам көз жұмған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: