Венесуэлалықты сұлатып салған Құлахметтің қанша гонорар тапқаны белгілі болды

5 Сәуір 2021, 09:42
Сурет: sports.kz

Қазақстандық сарапшы Айдар Махметов венесуэлалық Эбер Рондонмен (20-1, 13 КО) жекпе-жекке шығып, жеңіске жеткен Тұрсынбай Құлахметтің (3-0, 2 КО) қанша ақша тапқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің проф-рингтегі үшінші жекпе-жегі үшін алатын табысы 210 000 долларды құрады. 70 секунд ішінде тапты, негізі, жаман табыс емес! - деп жазды Махметов өзінің MakhmetovSport Телеграмм-арнасында.

Айта кетсек, Тұрсынбай Құлахмет Эбер Рондонды бірінші раундта небәрі 70 секундта нокаутқа жіберген болатын. Бұл жеңіс 27 жастағы қазақстандыққа кіші орта салмақтағы WBC International чемпиондық белбеуін сәтті қорғауға мүмкіндік берді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?