Алматы облысында таяққа жығылған зейнеткерге қатысты тың мәлімет белгілі болды

Polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2020 17:10 Polisia.kz
Оны Жетіген ауылының 70 жастағы тұрғыны күрекпен ұрғанын мойындады.

Жетігенде полиция 79 жастағы зейнеткерді сабаған адамды тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

14 маусымда Жетіген ауылында тұратын 79 жастағы әйел көптеген дене жарақаттарымен Іле ауданының Орталық аудандық ауруханасына түсті. Жәбірленуші жалғыз тұратынын, үйде өзі құлап жарақаттанғанын айтқан. Сөйтіп ол полицияға арыз жазудан бас тартып, сот-медициналық сараптамадан өтті.

"Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Нәтижесінде полицейлер қарияның таныс құбысымен арадағы жанжалдан таяққа жығылғанын анықтады. Оны Жетіген ауылының 70 жастағы тұрғыны күрекпен ұрғанын мойындады. Айғақты заттар қылмыс құралы ретінде сараптамаға жіберілді. Күдіктіге қатысты іс жүргізу кезінде полиция келу міндеттелді. Жағдайдың барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында белгілі болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: