Алматы облысында таяққа жығылған әжей: Өзім құлап қалдым...
sib.fm
Дегенмен әжейдің бұл сөзіне тергеушілер күмәнмен қарайды.
Алматы облыстық полиция департаменті Іле ауданындағы Жетіген ауылының тұрғынын ұрып-соғып, тонау фактісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.
14 маусымда Жетіген ауылында тұратын 79 жастағы әйел көптеген дене жарақаттарымен Іле ауданының Орталық аудандық ауруханасына түсті. Бұл факт облыстық ПД тіркеліп, тексеріс ұйымдастырылған.
Сұрақ-жауап алу кезінде әжей жалғыз тұратынын және үйде болған кезде құлап қалып, содан жарақаттанғанын айтқан. Бірақ, істің мән-жайын егжей-тегжейлі зерделеу кезінде тергеушілерге әжейдің бұл сөзі күмән тудырған. Мүмкін, әйел осылайша бір жақынын қорғағысы келетін шығар. Қария өтініш беруден бас тартып, сот-медициналық сараптамадан өтті, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта дәлелдердің барлығы анықталуда, тексеру жалғасуда.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде түн ортасында әжей оянып, үстіне киімін киейін дегенше біреу басынан ұрып, талдырғаны туралы ақпарат пайда болған.
Қарақшылар үйден ақша ұрлаған. Әжейді әбден тепкінің астына алған олар оны өлді деп ойлап, Нұра ауылының сыртына апарып тастаған. Өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі жол шетінде жатқан әжейді байқап, ауруханаға алып кеткен. Қазір әжей ГРЭС-тегі аурухананың травматология бөлімінде жатыр, делінген желідегі жазбада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript