Алматы облысында қар көшкіні жолды басып қалды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2018 16:17 www.inform.kz
Қардың көшуіне 29 қаңтарда Түрген өзені бассейніндегі жерасты дүмпулері себеп болған.

Алматы облысында Түрген өзені бассейнінде қар көшкіні жолды басып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазселденқұтқару» ММ-ға сілтеме жасап.

«2018 жылғы 30 қаңтарда Түрген өзені бассейнінде Түрген ауылы - Батан шатқалы автожолында 4 рет табиғи қар көшкіні болып, жалпы көлемі 390 текше метрді құрады», - делінген хабарламада.

Қардың көшуіне 29 қаңтарда Түрген өзені бассейніндегі жерасты дүмпулері себеп болған.

Қазіргі кезде автожол тазаланған. Құрбан болғандар мен қирандылар жоқ. Іле-Алатау табиғи паркі Түрген филиалының директорына бақылау-тексеру бекеті арқылы Түрген өзені аңғарына демалу үшін келушілерді шектеу, сондай-ақ Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігіне, Түрген ауылдық округіне автожолдарды қардан тазалау шаралары жөнінде хат жіберілді, - дейді Қазселденқұтқару мемлекеттік мекемесіндегілер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: