Алматы облысындағы тауларда үш рет қар көшкіні болды
ҚазАқпарат
14 қаңтарда ауа райына байланысты Алматы облысының таулы аумақтарында қар көшкіні болуы мүмкін.
Алматы облысындағы тауларда үш рет қар көшкіні болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте Қазақстанның барлық таулы аумақтарында қар жауды. Ең биік қар жамылғысы Іле Алатауында болып, оның биіктігі 21 сантиметрді құрады. Қардың түсуіне байланысты ауа температурасы төмендеп, 8-24° аяз болды. 11 қаңтар күні кіші Алматы өзенінің бассейнінде үш рет шағын қар көшкіні байқалды», - делінген хабарламада.
Таяу күндері (12-13 қаңтар) Қазақстанның таулы аумақтарында қар көшкіні болмайды. 14 қаңтарда ауа райына байланысты Алматы облысының таулы аумақтарында қар көшкіні болуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript