Қазақстанның таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2017 17:40 inform.kz
Қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктеріне шығуға тыйым салынады.

Қазақстанның таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Талас Алатау жотасында (Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында) және Алматы облысының таулы аудандарында 27-28 желтоқсан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Қар көшкіні жүру қаупіне байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Абай болыңыздар»,- делінген хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: