ҰБТ тапсырған оқушылар тестілеу аяқталған соң бірден нәтижесін біле алады

5 Сәуір 2021, 13:22
Сурет: Pixabay

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңашылығы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Мұндағы артықшылықтардың бірі - ҰБТ нәтижесі тестілеу процедурасы аяқталғаннан кейін бірден шығады, яғни бұрынғыдай күтудің қажеті жоқ, - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Егер тест тапсырушы нәтижемен келіспесе, онда 30 минут ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл мектеп оқушылары ҰБТ-ны жаңа әдіспен тапсырады. Тестілеу электронды түрде өткізіледі, емтиханның күні мен орнын да таңдай алады.

ҰБТ-ның жаңа форматы туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?