Тамыздағы ҰБТ-ны 15 мың талапкер тапсырған

Тамыздағы ҰБТ-ны 15 мың талапкер тапсырған, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 17:45 Сурет: Ұлттық тестілеу орталығы
Оның ішінде түлектердің 65,27%-ы қазақша, 34,44%-ы орысша, 0,29%-ы ағылшынша тестілеуден өтті. Енді тамыздағы ҰБТ сертификатымен талапкерлер жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсе алады.

Тестілеу қорытындысы бойынша 8 мың талапкер шекті балл жинады. Бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 56%-ына тең. ҰБТ-ның орташа балы 55 балл. Ең жоғары балл – 125 балл.

Айта кетейік, негізгі ҰБТ-ны тапсырған талапкерлерде бейіндік пәндер комбинациясын өзгертіп, тамыздағы тестілеуге қатысу мүмкіндігі болды.


"ҰБТ өткізу барысында 45 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 29 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ", - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: