Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Президенттің арнаулы өкілі лауазымын бекітті

alau.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2021 20:48 alau.kz
Арнайы өкілдің негізгі міндеттерінің бірі - саяси, экономикалық, гуманитарлық және экологиялық салаларда халықаралық қатынастар орнату.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы Қаулыға ол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаулымен, негізінен мына жайттар бекітілді:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруды, мемлекеттiк билiк органдарының сыртқы саясат саласындағы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды және Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында бұл Қаулыға қол қойылғаны айтылады.

Арнайы өкілдің негізгі міндеттері:

- саяси, экономикалық, гуманитарлық және экологиялық салаларда халықаралық қатынастар орнату;
- Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету.

Арнайы өкіл өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайтындығы да Қаулыда көрсетілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: